Алматыда өртенген зәулім ғимараттың тұрғындары мектептер мен қонақүйлерге барудан бас тартты. Олар жалдамалы баспанаға ақша беруді талап етеді. Әкімдік бұл шартқа келіскен, бірақ тұрғындарда тағы бір мәселе пайда болған: жалға берушілер оларға қысқа мерзімге пәтер беруден бас тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Мен бақылап, мынадай мәселеге тап болдым, онда депозит бар екен. Әркімде әртүрлі: бір бөлмелі пәтерге 200, үш бөлмелі пәтерге шамамен 250-300 мың сұрайды (менде үш бөлмелі пәтер). Тағы бір мәселе, екі айға десек, бәрі бас тартады. Әкімдікке апарсақ, салық салады деп, бәрі келісімшартқа қол қоюдан бас тартып отыр", – дейді өрт шыққан үйдің тұрғыны Сабина Қасымжанова.
Шенеуніктер жалға алуға ақша береміз деді, тіпті ертең. Рас, ресми түрде, келісімшартпен пәтер беріп жүргендерге ғана.
"Әкімдік пәтерлердегі ақауды қалпына келтіруді өз мойнына алды. Біз нарықтық жағдайға байланысты талдау жасадық. Пәтерді қандай ақшаға жалдауға болатынын анықтадық. Яғни, бір бөлмелі пәтер – 200 мың теңгеден, екі бөлмелі – 300 мың теңгеден және төрт бөлмелі пәтер – 400 мың теңгеден аспайды", – дейді Алатау ауданы әкімі Азамат Қалдыбеков.
Үйде жөндеу жұмыстары басталады. Ол қыркүйектің ортасына дейін аяқталуы керек. Онда электр жарығы қалпына келтіріліп, кіреберісте, пәтерлер мен балкондарда барлық жөндеу жұмыстары аяқталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!