Бар жанарды жаулаған Jaidarman енді тек Жетінші арнада

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

20 жылдық тарихы бар Jaidarman ойындарын енді тек Жетінші арна эфирінен көруге болады. Жоба "Jaidarman Cup" деген жаңа атаумен, жаңа форматпен көрермен назарына әр сенбі сайын ұсынылмақ. Тұсаукесері 6 наурыз күні сағат 18:45-те Жетінші арнада өтеді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

20 жылдық тарихы бар Jaidarman ойындарын енді тек Жетінші арна эфирінен көруге болады. Жоба "Jaidarman Cup" деген жаңа атаумен, жаңа форматпен көрермен назарына әр сенбі сайын ұсынылмақ. Тұсаукесері 6 наурыз күні сағат 18:45-те Жетінші арнада өтеді.

Жетінші арнадағы Jaidarman Cup ойындары - еліміздің әр түкпірінен жиналған 24 команда қатысатын, әзіл-сықақ әлеміндегі ең таңдаулы жоба. Маусым соңында Jaidarman Cup кубогын иеленген команда Жетінші арна ұсынған арнайы жүлде - 5 млн теңгеге ие болады. Жоба жетекшілері жаңаша түрленген Jaidarman Cup жобасы Қазақстандағы әзіл әлемінің жоғары деңгейін көрсетеді деп сенеді.

Jaidarman Cup жетекшісі Есен Елеукеннің айтуынша, бұл жоба бұрынғыдан ерекше.

"Жайдарманның бұрынғы форматы өзектілігін жоғалта бастады, сондықтан бізге өзгеріс керек болды. Сол себепті жаңашылдыққа ұмтылып жүрген, өнерлі жастарды қолдауға дайын Жетінші арнамен ұзақ мерзімді серіктестік орнаттық. Енді Jaidarman ойындары тек Жетінші арнада көрсетіледі", - дейді Есен Елеукен.

Форматы өзгерген бұл жобада командалардың профайлы, сахна сыртындағы өмірі, әр ойыннан кейінгі қазылар алқасының пікірі көрсетілмек. Сонымен бірге командаларды бағалау жүйесі мен жарыс форматы да өзгерген.

"Бағдарлама жан-жақты болып, өзгеріске ұмтылып жатқандықтан, өзгерісті алдымен өзімнен бастауға шешім қабылдадым. Бұрынғы қатып қалған стилімді өзгертіп, Jaidarman Cup-қа жаңа образбен қадам басып жатырмын. Оны көрермен өзі бағалай жатар", - дейді жоба жетекшісі. 

Жетінші арна Қазақстанның өнерлі жастарын қолдап, олардың шығармашылығын дамытуына атсалысу үшін дәл осы Jaidarman ойындарын қолға алып отыр. Jaidarman Жетінші арнамен ұзақмерзімді серіктестік орнатып, жастар аудиториясына сапалы ойын-сауық контентін ұсынуға дайын.

Телеарна қызметкерлері Jaidarman Cup жобасының сапалы әрі сәтті болуы үшін қазір тынымсыз еңбек етіп жатыр. Әр түсірілімнің жарқын әрі әсерлі шығуы үшін жарық пен дыбысқа арналған заманауи жабдықтар қолданылады.

Jaidarman Cup мақсаттарының бірі - Қазақстанның қазіргі келбетін, елдегі өзекті мәселелерді астарлы әрі өтімді әзіл арқылы жеткізетін жобаға айналу. Жоба ұзақмерзімді болғандықтан, алғашқы кубоктан кейін күзгі маусымға дайындық басталмақ. Ұйымдастырушылар әр маусым сайын түрлі эксперимент жасап, өнерлі жастардың потенциалын ашу үшін барын салуға дайын.

Жобаның алғашқы шығарылымын 6 наурыз күні 18:45-те Жетінші арнадан көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro