11 сәуір 2014 | 16:40

Барахолкадан саудагерлер шұғыл шығарылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматыда "Алатау" көтерме базары санаулы күндерден соң түгел жабылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. Саудагерлер базардан шұғыл түрде кетіп жатыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Алатау" көтерме базары санаулы күндерден соң түгел жабылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. Саудагерлер базардан шұғыл түрде кетіп жатыр. 

Бүгін, 11 сәуірде таңертең саудагерлерге сағат 17.00-ге дейін тауарларын алып, базардан кетуді хабарлаған. Бүгін сауда орнының алғашқы қатарын босату қажет болса, қалған күндері кейінгі қатарлар тарауы керек. 500-ден астам кәсіпкер жұмыс орнынан айырылып отыр. Саудагерлерге басқа амал ұсынылмаған.

"Таңертең полиция келіп, бұл жерді босату керектігін айтты. Біз орын ақысын төлеген қағазымызды көрсетіп, айдың соңына дейін тұратынымызды айттық. Бірақ бізді қорқытты, енді біз жиналып, кетейін деп жатырмыз. Бұл жерде төбелес те болды. Бір адамды алып кетті", - дейді бутиктердің бірінің қожайыны.

"Алатау" базарындағы бутик иелеріне сауда орнының көшірілетін мерзімін ұзақ уақыт бойы ешкім айтпаған, сондықтан саудагерлер жұмысын жалғастыра берген. Сәуір айының басында оларға айдың соңына дейін жұмыс істей алатыны айтылған. Енді сауда орнын жалға алу үшін төленген төлемді қайтарып беретін адам жоқ.

"Үлкен шығынға батып жатырмыз. Өз басым зейнеткермін, енді балаларымды қалай асырайтынымды білмеймін. Жұмыс істеу керек. Зейнетақыға күн көре алмаймын. Бізге көшуді ұсынған жер 12-15 мың доллар тұрады. Ол ақшаны қайдан аламын? Мына жердің ақысы 50 мың теңге болатын. Нан табуға болатын еді, ал енді не істеу керек?" - дейді саудагер.

Базар өкілдері саудагерлерге жарты ай үшін төленген ақының кезекпен қайтарылатынын айтып, кәсіпкерлердің неге дүрлігіп жатқанын түсінбей отыр. Олардың уәжіне қарағанда, барахолкадағы базарлардың көшірілетіні саудагерлерге 2012 жылдың соңында-ақ хабарланған.

Еске салайық, барахолканың орнына жаңа жол мен сауда орталықтарын салу жоспарланып отыр. 28 базардың 11-і қайта салынуы керек. Қалғаны түгел бұзылады, олар: "Аягөз", "Жаркент", "Ұлугер", "Арал", "Адам", "Давун" және "Ақжар".

 

 


 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети