Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Павлодар облыстық полиция департаментінің басшыларын жұмыстан шығаруға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Павлодар облыстық полиция департаментінің басшыларын жұмыстан шығаруға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ басшысының Павлодар облысының полиция қызметкерлерінің жұмысына көңілін толмай отыр. Nur Otan партиясының қабылдауына осы өңірдің тұрғындары сұрақтарын қойды.
Екібастұз тұрғыны Найляна Имашева газ баллоны жарылуы салдарынан ата-анасынан айырылған екен. Ол баллонды 2018 жылы жанармай құю станциясынан алған.
"Ол баллонды қолданған жоқпыз, жай ғана тұрған еді. Болған өрттен анамның денесінің 95 пайызын, әкемнің 73 пайызын күйік шалды. Бізді жансақтау бөліміне жатқызды, бірақ үшінші күні анам қайтыс болды. Қылмыстық кодекстің 204-бабы бойынша ("Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру") іс қозғады", - дейді Найляна Имашева.
Оның айтуынша, бұл жағдайдан соң полицейлер сол күйі қылмыстық іс қозғаған жоқ. Өрттен қайтыс болғандардың өліміне кімнің кінәлі екенін анықтаған да жоқ.
"Қылмыстық іс материалдарында қайтыс болғандар көрсетілмеген. Кімнің кінәлі екені де айтылмаған, ба та көрсетілмеген. Екібастұз қалақы полиция қызметкерлеріне хат жаздық, бірақ олар жауап бермейді. Кейінірек полиция басшысы бізді шақыртып, істің азаматтық сотта қаралатынын айтты", - дейді Екібастұз тұрғыны.
Министр әйелдің бұл шағымын тыңдап, қылмыстық істі тіркеуді тапсырды.
"ІІМ өкілдеріне барасыз, тергеу департаментімен байланысасыз. Барлығы тексеріліп, тіркеледі. Сондай-ақ, онда тағы адамдарды жіберіңдер. Жанармай құю станция қызметкерлерінен жауап алсын. Өрт-техникалық сараптаманы қайта жаңартыңдар. Мұның еш қиындығы жоқ", - деді министр көмекшілеріне.
Осыдан кейін Тұрғымбаев Павлодар облысына тұрғындар жиі айтатын шағымдармен айналысатын арнайы комиссияны жіберуге уәде берді.
"Жазалау туралы бұйрық дайындап қой, қызметтерінен босатуға дейін барамыз. Павлодар, естіп тұрсыздар ма? Сіздердің департамент басшыларыңыз еңбек демалысынан қашан шығады? Осы мәселе бойынша тексеріс жүргізіледі? Екі адам қаза тапты, екі адамды күйік шалды - кінәлілер жоқ па? Жалпы, Павлодар, сіздердің жұмыстарыңызға көңілім толмайды? Адамдар осылай шағымдарын айтып жатыр, бірақ ешқандай реакция жоқ. Қазір осы деректерді тексеретін адамдарды жіберемін", - деді ішкі істер министрі.