Барлық күдікті қамауда, ешкім жасырынған жоқ - Бас прокуратура Мәсімовтің ісі туралы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барлық күдікті қамауда, ешкім жасырынған жоқ - Бас прокуратура Мәсімовтің ісі туралы Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталған ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталған ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Шыңдалиев бұл істі ҰҚК "құпия" белгісімен тергейтінін түсіндірді.

"Материалдар таратылмайды. Бұл істерге рұқсаты бар бірнеше прокурор бар. Осы іс бойынша барлық күдікті қамауда, ешкім ешқайда кетпеді және жасырынып қалған жоқ. Іс аяқталды, материалдармен танысу жұмыстары басталды. Біз іспен танысу үшін процесс шектеулерін қойған жоқпыз", - деді Шыңдалиев.

Еске салайық, биыл 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша тергеуді бастады. Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов, оның орынбасарлары және ҰҚК-нің бірнеше өңірлік департамент басшылары - Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осипов, сондай-ақ, Д.Ақыпов пен Н.Бекмұрат ұсталған еді.

Ал шілдеде шекараны кесіп өтпек болған кезде Кәрім Мәсімовтің туысы әрі бұрын Павлодар облысы Полиция департаменті бастығы қызметін атқарған Нұрлан Мәсімов ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети