Барлық күш-жігерді жұмылдыру керек: Тоқаев президенттерге үндеу жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барлық күш-жігерді жұмылдыру керек: Тоқаев президенттерге үндеу жолдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің Президенттеріне үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің Президенттеріне үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуі өтіп жатыр. Сөз сөйлеу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев президенттерді Орталық Азияның қауіпсіздік, ынтымақтастық және өркендеу кеңістігі болып қалуы үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға шақырды.

Президент атаған тағы бір маңызды міндет – жан-жақты ықпалдастықтың берік экономикалық базасын қалыптастыру. Соңғы жылдары бұл бағытта елеулі нәтижеге қол жеткізілді. Өңір ішіндегі сауда көлемі біртіндеп ұлғайып келеді. Бұл көрсеткіш 11 миллииард долларға жетті. Мемлекет басшысы тауар айналымын арттыру және оны 15 миллиард долларға жеткізу маңызды екенін атап өтті.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

"Елдеріміздің экономикасын дамытуға бірлескен ірі инфрақұрылым және көлік жобалары тың серпін берер еді. Өзара тиімді ынтымақтастықтың мұндай оң мысалдары аймағымызда қазірдің өзінде де бар. Мәселен, Қырғызстандағы Қамбарата 1-ГЭС-ін, Тәжікстандағы Рогун ГЭС-ін, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның газ жобаларын, жаңа көлік дәліздерінің құрылысын, сондай-ақ басқа да маңызды жобаларды атауға болады. Бұдан бөлек шекара маңы аудандарында сауда-логистика желілері мен өнеркәсіп хабтарын дамыту маңызды. Ауыл шаруашылығы, логистика, тоқыма және химия өнеркәсібі, құрылыс секілді перспективті салаларда жаңа келісімдер жасап, жан-жақты серіктестігімізді нығайту қажет", – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия Іскерлік кеңесін құру туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети