Барлық меморганның сайттарын жауып, біреу ғана жасаймыз - Абаев

20 Ақпан, 15:26
0
Барлық меморганның сайттарын жауып, біреу ғана жасаймыз - Абаев -

Қазақстанда мемлекеттік органдар үшін бірыңғай сайт жұмыс істейді, ал қалғандары жабылады. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің айтуынша, бірыңғай сайтқа орталық мемлекеттік органдар порталдары мен өңірлік әкімдік порталдары кіретін болады. 

"Биыл біз мемлекеттік органдар үшін бірыңғай gov.kz интернет-порталын құрастырамыз. Жүздің орнына бір сайт. Барлық қаржыландыру жабылады және тек жалғыз портал аясында болады. Бұл портал қазір тестілеуден өтіп жатыр. Ол бірінші кезекте тұтынушылардың мүддесі үшін жұмыс істейтін болады. Бүкіл министрлік пен мемлекеттік қызметтер сонда болады. Арнайы бөлім жаңалықтардың жаңартылуын бақылайтын болады. Осының барлығы қоғамдық сотқа шығарылады және менің ойымша бұл сәуірде болады", - деді Абаев министрлік коллегиясының кеңейтілген отырысында. 

 Оның айтуынша, бұл бүгінде мемлекеттік сайттарды ұстауға жұмсалатын миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді екен.

"Бірте-бірте екі жыл ішінде біз қалған барлық мемлекеттік сайттарды жабамыз. Бұл қаражатты айтарлықтай үнемдеу болып табылады және сапа өседі. Мемлекеттік органдар техникалық міндеттер үшін емес, жаңарту үшін емес, контент үшін жауап беретін болады. Министрлік екі бөлікке жауап береді: жаңалықтар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін", - деді ол.

Министр бұл шешімнің революциялық екенін айтып, ақпаратқа қолжетімділікті жақсартады дейді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай