"Барлық ірі мердігерді білеміз" - Антикор басшысы жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барлық ірі мердігерді білеміз" - Антикор басшысы жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық туралы Фото:elements.envato.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов жол құрылысы саласында тәртіп орнатуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов жол құрылысы саласында тәртіп орнатуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық аппараты мен аумақтық органдардың жеке құрамымен кездесуде Антикор басшысы Бектенов Президент мемлекеттік органдардың елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тиімді жұмысының жеткіліксіздігіне байланысты қатаң сын айтқанын айтты. 

Антикор басшысы барлық бөлімше басшыларына жол құрылысы мәселесі бойынша дереу егжей-тегжейлі ақпарат беруді тапсырды.

"Біз барлық ірі мердігерді және олардың артында тұрғандарды білеміз. Республикалық және жергілікті жолдарды салу кезінде анық қателіктер туралы ақпарат бар. Басқа мемлекеттік органмен бірлесіп, бұл мәселеде тәртіп орнатамыз. Бұл ретте адал бизнестің жұмысына араласуға жол беруге болмайды", - деді Бектенов.

Еске салайық, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол инфрақұрылымы саласындағы мәселелер туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, биыл 11 мың шақырымнан аса жол жөнделеді. Ол үшін 600 миллиардтан аса теңге бөлінген. Мемлекет басшысы жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуге және жобалардың іске асырылу барысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

"Жолдың сапасына ерекше назар аудару керек. Жасыратыны жоқ, елдегі жолдар нашар, ал жол-құрылыс саласында сыбайлас жемқорлық дамып жатыр. Тіпті Аккордқа апаратын жол, басқа жерлерді айтпағанда, құрақ көрпеге ұқсайды", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети