Барлық сайлау комиссиясы дауыс беруге толықтай дайын - ОСК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барлық сайлау комиссиясы дауыс беруге толықтай дайын - ОСК ©Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов дауыс беру учаскелерінің сайлауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Президент сайлауы - біздің елдегі маңызды саяси оқиға. Мемлекеттік тиісті сайлау органдары ұйымдастыру, техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны атқарды. Қажетті құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер, әдістеме мен түсіндіру көмекші құралдары өз уақытында дайындалды. Барлық сайлау комиссиялары сайлау өткізуге және берілген дауыстарды санауға толықтай дайын. ОСК мүшелері сәйкес дайындық пен оқудан өтті", - деді Мелдешев тілшілерге. 

Ол сайлаудың 9741 учаскесінде Астана уақыты бойынша таңғы 7-ден басталып, кешкі 8-ге дейін жалғасатынын айтты. Бұл учаскелердің 65-і Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде ашылған.

Елдің батыс өңірлерінде - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында уақыт айырмашылығы болғандықтан дауыс беру Астана уақыты бойынша 21.00-ге дейін жалғасады. Ал Вашингтонда, Нью-Йоркта, Оттавада сайлау учаскелері Астана уақытымен 27 сәуір күні таңғы 6-да жабылады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +21
Ақтау +22
Ақтөбе +21
Атырау +22
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +18
П
Павлодар +22
Петропавл +18
С
Семей +19
Т
Талдықорған +22
Тараз +29
Түркістан +19
О
Орал +16
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер