"Бәріміз теңбіз, біргеміз". Елордалық жасөспірімдер қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бәріміз теңбіз, біргеміз". Елордалық жасөспірімдер қазақстандықтарды мерекемен құттықтады Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордалық жасөспірімдер "Бәріміз теңбіз, біргеміз" әнімен қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Бұл ән халық арасында махаббат пен теңдіктің әнұранына айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық жасөспірімдер "Бәріміз теңбіз, біргеміз" әнімен қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Бұл ән халық арасында махаббат пен теңдіктің әнұранына айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бейбітшілік және Келісім сарайының "Туған жер" шығармашылық студиясы оқушылары қазақстандықтарға ерекше сый жасады. Әр жастағы түрлі ұлт өкілдері "Бәріміз теңбіз, біргеміз" әнін бірге орындады.

Ән авторлары - Анастасия Чеважевская және Лиза Васильева.

"Біз Қазақстан халқына ерекше құттықтау жолдағымыз келді. Мәтінінде біз ұлтымызға, ұстанатын дінімізге, түр-түсімізге қарамастан, бәріміз теңбіз делінген ән арнадық", - деді "Бебітшілік және Келісім сарайы" МКҚК директоры Дилбар Амирова.

 

"Біз Қазақстанның ұлттық және діни ерекшеліктерге қарамай, халықты бірлікке шақыру саясатын жалғастырғанын қалаймыз. Барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен келісім тілейміз", - деді Амирова.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – мемлекеттік мереке, ол 1996 жылдан бастап атап өтіле бастады. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети