"Бәрін тартып алмақ". Шымкентте жүздеген тұрғын баспанасынан айырылып қалуы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры/©КТК Видео кадры/©КТК

Шымкентте ықшамауданның жүздеген тұрғыны көшеде қалуы мүмкін. Тұрғындардың айтуынша, жаңа бас жоспар бойынша жер көпқабатты үй салуға пайдаланылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте ықшамауданның жүздеген тұрғыны көшеде қалуы мүмкін. Тұрғындардың айтуынша, жаңа бас жоспар бойынша жер көпқабатты үй салуға пайдаланылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жұрттың айтуынша, 15 жыл уақытта ықшамауданға өздері газ, жарық тартып, тіпті жолдарға қиыршық тас төсеген. Көбісі үй салуға алған несиесін әлі төлеп жүр. Енді олар мұның бәрін, тіпті өтемақы төлесе де бергісі келмейді.

"Жер телімін алдық, ақша жинадық, осы үйді қанша жыл жүріп тұрғыздық! Енді ғана өз шаңырағымызда өмір сүріп жатқанда, бәрін тартып алмақ", - дейді аудан тұрғыны Жандос Шалхарбаев.

"Осы аудандағы үйлердің бәрін - жолдың оң және сол жағы да сүріледі дейді. 6-сектор, 3-сектор бұзылады дейді. Әр әкім өз жоспарын жасап, әр сыпырғыш өзінше сыпырады. Әрине, оларға қазір осында салған тиімді", - дейді тағы бір жекеменшік үй иесі Бауыржан Сәметай.

"Бұл үйлерді қалай алғанымызды, шелектеп суды қалай тасып, қалай ақша жинағанымызды ешкім білмейді. Енді осының бәрін тартып алса, не істейміз? Біз бермейміз!" - дейді тұрғын Қалдыкүл Жаңабаева.

Тұрғындар өз талабын әкім Мұрат Әйтеновке жеткізуді жөн көрген. Олар әкімнің халыққа есеп беру кездесуіне кіріп, жағдайды айтқан. Ол жерде жеке секторды бұзу және көпқабатты үйлер салу әзірге тек талқылауға шығарылғаны белгілі болған.

"Бас жоспар әлі дайындалады. Ұсыныс ретінде. Шешімді қала тұрғындары қабылдауы керек. Бәрі сөзбен емес, құжатпен рәсімделуі керек. Қазір жоспар әлі дайын емес. Шілде немесе қыркүйекте кездесіп, жоспарды таныстырамыз. Қаласа қолдайды, болмаса қолдамайды", - дейді Мұрат Әйтенов.

Әкім қала тұрғындарының саны тым жылдам өсіп жатқандықтан, көпқабатты үйлер салу қажетті шара екенін түсіндірді. Ал жиылған жұрт сот арқылы өз үйі мен жерін қорғағысы келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro