2023 жылғы 5 қаңтарда сағат 21:45-те Бартоғай су қоймасындағы қар құрсауында қалғандардың бәрі эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, кеше сағат 09:00-де қар құрсауында 12 жүргізуші мен 16 автотехника қалғаны, оның төртеуі сынып тұрғаны хабарланған.
Қар құрсауында қалған адамдар мен техниканы эвакуациялауға Батанға жетпей 23-25 шақырым аралығында үш рет болған қар көшкіні қиындатқан.
Автожолды "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі және 13-ЖҚБ күштері, Республикалық жедел-құтқару жасағы және Алматы облысы ТЖД қызметкерлері тазартқан.
Туыстары эвакуацияланған адамдарды Түрген экопостындағы жедел штабта күтіп алды.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескертулерді елемей және қолайсыз ауа райында қар басқан учаскелерге бармауды ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!