Астаналық "Барыс" хоккей клубының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ұл балаларды жинап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Барыстың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астаналық "Барыс" хоккей клубының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ұл балаларды жинап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Барыстың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Барыс" хоккей клубының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі спорттық-сауықтыру тобына 2009 жылы туған ұл балаларды жинап жатқанын жариялайды. "Мекенжайымыз: Астана қаласы, Туран даңғылы, 5/1, "Тарлан" мұз айдыны. Қабылдау жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Бапкер - Хамракулов Владимир Владимирович. Спорт мектебіндегі жаттығулар тегін ұйымдастырылады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, "Барыс" - Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жүрген жалғыз қазақстандық команда. Ол ақтық сындарына жетсе де, лиганың бас жүлдесі - Гагарин кубогын әлі жеңіп көрген емес. Ал ҚХЛ-дан кейінгі Жоғары хоккей лигасында екі қазақстандық ұжым - "Қазцинк-Торпедо" (Өскемен) және "Сарыарқа" (Қарағанды) өнер көрсетеді. Соңғы чемпионатта "Сарыарқа" жеңімпаз атанып, Братина кубогын ұтып алған болатын.