07 сәуір 2015 14:13

Бас әскери прокуратурада кадрлық ауыс-түйіс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Бас әскери прокуратурада кадрлық тағайындаулар өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кадрлық өзгерістер Сарыөзек және Қапшағай гарнизондары мен орталық аппаратына қатысты болды.


Бас әскери прокуратурада кадрлық тағайындаулар өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кадрлық өзгерістер Сарыөзек және Қапшағай гарнизондары мен орталық аппаратына қатысты болды.

Баспасөз хабарламасында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарымен әділет полковнигі Дәулетбай Лесбекұлы Темірбековтің Сарыөзек гарнизонының әскери прокуроры қызметінен босатылып, Қапшағай гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалғаны айтылған. Өз кезегінде Сарыөзек гарнизонының әскери прокурорлығына алдын Бас әскери прокуратураның қылмыстық процесстің сотқа дейінгі сатысы заңдылығына қадағалау Басқармасының бөлім бастығы қызметін атқарған әділет подполковнигі Айдар Куанышбекұлы Сламбеков тағайындалды.

Осыған дейін Бас әскери прокуратура үш жетекшісі мен төрт басшы орынбасарларын жаңадан тағайындағаны хабарланған болатын. Қазақстанның құзырлы мекеме басшысы Асхат Дауылбаевтың бұйрық етуімен Бас әскери прокуратураның өңірлік бөлімшелеріне үш адам жаңадан тағайындалды. Батыс өңірлік әскери прокуроры боп әділет подполковнигі Жанболат Аекенов, Петропавл гарнизонының осындай қызметіне Талғат Бекбергенов, Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры қызметіне әділет подполковнигі Нұрлан Алпысов тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети