Ақтөбеліктер күкіртсутектен тұншығып жатыр. Тұрғындардың басы ауырып, ұйқысы қашқан. Олар тыныс ала алмай жатқанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Ақтөбеліктер күкіртсутектен тұншығып жатыр. Тұрғындардың басы ауырып, ұйқысы қашқан. Олар тыныс ала алмай жатқанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Ақтөбенің лас ауасы" қоғамдастығының әкімшісі Ерік Орамахов төрт жылдан бері қаладағы ауаның сапасын қадағалайды. Арнайы бағдарлама арқылы зиян заттардың шоғырлануын тіркеп отырады.
Оның айтуынша, атмосферадағы күкіртсутектің деңгейі мөлшерден асып кеткен. Ол анықтаған олқылықтарын әлеуметтік желіге жариялайды және жергілікті экологтарға жеткізеді, алайда арнайы мамандар мәселені шешуге асықпайды.
"Біз өткен айда өнеркәсіп аймағына бардық. Зауыттардың арасында тұрып, асып кеткенін анықтадық. Қасымызда экологтар болды, көрсеттік және өздерінің құрылғылары арқылы 10 есе артық екенін көрді. Міне біз көрсеттік - қараңыз, жұмыс істеңіз, айналысыңыз. Бірақ жағымсыз иіс қалай болды, солай қалды", - деді Орамахов.
Қала тұрғындары да жаман иіске шағымданады. Олардың айтуынша, жазда пәтердің ауасын тазарту мүмкін емес. Көптеген адамның денсаулығы нашарлаған.
Қазгидрометтің деректеріне сүйенсек, Ақтөбе ауасы ластанған қалалардың рейтингінде үнемі жоғары тұрады. Жыл ішінде жеті рет атмосфералық қатты ластану жағдайы тіркелген. Тамызда антирекорд болған - жарты айда екі қалдық шығарылған. Экологтар кәріз-тазарту құрылғылары мен кәріз-сору станцияларын кінәлайды. Жабдық ескіргенін және оны келесі жылы ауыстыру жоспарланғанын айтады.
"Қазір кәріз-сору станциясын жаңарту үшін техникалық-экономикалық негіздеме дайындалып жатыр. Содан кейін жоба-сметалық құжат әзірленеді. 2021-2022 жылдары жаңартылады", - деді Ақтөбе облысы Экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл.
Жаңарту үшін шамамен 16 миллиард теңге керегі атап өтілді. Әзірге шығатын зиян заттарды жоятын катализаторлар орнатылды. Ал Ақтөбенің ауасы 2-3 жылдан кейін тазарып қалуы мүмкін.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!