“Бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған“: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған“: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады Фото:gov.kz

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ата-аналарға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар таратуға жол берілмейтінін еске салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ата-аналарға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар таратуға жол берілмейтінін еске салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер төндіріп, адамдарды жаппай эвакуациялауға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медицина және басқа да әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмысының бұзылуына әкеп соғады.

Сонымен қатар, төтенше жағдай қызметтерінің елеулі күштері мен құралдарын негізсіз жұмылдыруға себеп болады.

"Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бұл қылмысты жасағаны үшін заңнамада бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылғанын еске салады. Осындай барлық хабарлама міндетті түрде тексеріледі, ал оларды таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдарды пайдалану арқылы анықталады", - делінген хабарламада.

Киберқылмыстардың алдын алу үшін азаматтарға:

  • тексерілмеген ақпаратты таратпау;
  • интернетте, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған қоңыраулар мен хабарламалар жасамау;
  • балаларға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін ата-аналардың жауапкершілігі бар екенін түсіндіру;
  • қауіп төндіретін хабарламалар алған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 508.96  course up  598.66  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети