17 маусым 2017 | 18:03

Бас көлік прокурорының орынбасары Мақсат Үсеновтің Алматыға қалай келгенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР көлік прокурорының бірінші орынбасары Алпысбай Тұрсынбеков Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Мақсат Үсеновтің Алматыға қалай келгенін айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР көлік прокурорының бірінші орынбасары Алпысбай Тұрсынбеков Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Мақсат Үсеновтің Алматыға қалай келгенін айтып берді.

Мақсат Үсенов Алматыға 14 маусымда Бангкок рейсімен ұшып келуі тиіс болатын. Алайда қазақстандық Алматыға сол күйі оралмаған еді.

Осылайша, Мақсат Үсенов Астанада қалып қойды. ҚР Бас көлік прокуратурасындағылар Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында ҚР желілік ішкі істер органдарының барлығы Үсеновке Алматының Желілік ішкі істер бөліміне келуі тиіс екені жайлы шақыру қағазын жолдағанын айтты.

"Біз оны ұзақ іздеген жоқпыз. 14 маусымда ол Астанаға келді. Кеше түнде Алматыға көлікпен келді. Жергілікті Желілік ішкі істер бөліміне барды. (…) Ол қылмыскер емес. Біз оған шақыру қағазын берейін дедік. Енді міне оны таптық. Басқа мәлімет білмеймін. Бұл мәселемен желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері айналысып жатыр. Оны тапты. Оған келсін деді, өзі келді", -  деді Алпысбай Тұрсынбеков.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары оның әрекетінде ешқандай қылмыстық құқық бұзушылықты анықтамады. "Сондықтан ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Үсенов ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша айыпталып отыр. Ұсақ бұзақылық үшін он тәулікке қамауға алынды. Бұл осы бап бойынша берілетін максималдық жаза. Сондай-ақ, оған үш айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынды. Әкімшілік хаттама толтырылды. Ол азаматтық авиация комитетінің заңдары қайшы ереже бұзушылық жасады. Осы бап бойынша да жауапкершілікке тартылатын болады", - деді ҚР көлік прокурорының бірінші орынбасары Алпысбай Тұрсынбеков.

Кеше, Мақсат Үсеновтің он тәулікке қамалғаны хабарланған болатын. Жауап алу кезінде Мақсат Үсенов өз әрекетін түсіндірді. Ішімдік ішкен-ішпегені жайлы сұраққа ол былай деп жауап қатты: "Бортта маған бір стақан виски құйылды. "Дьюти фриден" бір шөлмек виски сатып алдым. Бірақ мен оны ішкен жоқпын.

Сондай-ақ, оған жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін екені айтылған еді.

Айта кетейік, жауап алу кезінде Мақсат Үсеновтің құрылыс компаниясында заңгер болып жұмыс істеп жатқаны анықталды. Соттың шешімі бойынша, Мақсат Үсенов 10 күнге қамауға алынды.

Еске салайық, Мақсат Үсенов Алматы-Бангкок рейсін орындаған әуе кемесінің бортында табак өнімін қолданған, бұған ұлттық және халықаралық талаптар бойынша тыйым салынған.



Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети