06 маусым 2016 | 15:59

Бас мүфти Ақтөбедегі оқиғаларға байланысты үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. © Роликтің кадры Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. © Роликтің кадры

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ақтөбедегі оқиғаларға байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ақтөбедегі оқиғаларға байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үндеуде еліміздің мұсылмандарының қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбеде болған лаңкестік әрекеттерді терең өкінішпен естігені айтылады. "Осы оқиғаға дін атын жамылған радикалдардың қатысы бар деп айтылуда. Адам жанын түршіктіретін зұлымдыққа дін жолында жүрген мұсылмандарға қатысы бар деп айтуға ауыз бармайды. Ислам діні ешкімді ұстанатын дініне немесе ұлтына бөлместен, жазықсыз қан төгуге ешқашан рұқсат етпейді. Ел мұсылмандарының басын қосып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы орын алған лаңкестік оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды", - деді Бас мүфти. 

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның төрағасы исламның бейбітшіліктің діні екенін еске салды. "Құран Кәрімде кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе, өлімнен құтқарса, барлық адамды тірілткенмен тең дейді Маида сүресінің 32-ші аятында. Ел аман, жұрт тыныш заманда жантүршігерлік қылмысқа барған адамдардың адамгершілік қасиеттерден жұрдай болғаны анық. Алланың құзырында да, еліміздің заң алдында да қылмыс жасағандар ең қатал жазаға тартылады деп сенеміз. Елінің амандығы жолында өзінің азаматтық парызын орындау барысында қаза тапқандардың отбасыларына және туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және сабыр тілейміз. Құқық қорғау органдарының өкілдері өздерінің жанын қия отырып, ауыр зардапқа апаратын қылмыскерлердің жолын кесті. Тағылымы мол хадисте Мұхаммед пайғамбарымыз былай дейді: "Екі көз ақыретте тозаққа күймейді, біріншісі күнәсіне өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі отан қорғап, шекара күзеткен көз". Қаза болған бауырларымыздың жаны жұмақта болғай, сонымен қатар қылмыскерлерге тосқауыл қойған кезде жарақат алған бауырларымызға Алладан шипа тілейміз. Ақиқатында жазықсыз жандардың өмірін қиған залымдарды ел азаматтары шынайы мұсылман бауырларымыз түбегейлі айыптайды. Елбасымыз Нүрсұлтан Әбішұлы айтқандай, еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі баршамыз үшін ең жоғары құндылық. Сондықтан қоғамдағы бейбіт өмірді сақтау әр азаматтың борышы һәм парызы деп білгеніміз жөн. Еліміздің барша азаматтарын арандатушылық әрекеттерге берілмеуге, қоғам тыныштығын қадірлеуге және жауыздықпен жұмыла күресуге шақырамын, ағайын", - деді ол.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Жалпы қаза тапқандардың саны - 17. ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде 11-і лаңкес, екеуі әскери, біреуі "Паллада" дүкенінің сатушысы, біреуі "Жедел күзет" қызметкері және тағы біреуі дүкеннің келушісі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети