Бас мүфти Алматыда ауызашар берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас мүфти Алматыда ауызашар берді ©ҚМДБ баспасөз қызметі

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы "Қазақстан" мейрамханасында ауызашар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы "Қазақстан" мейрамханасында ауызашар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауызашарға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Смағұлұлы, ел ағалары, ақындар, ардақты аналар, БАҚ және телеарна төрағалары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері - жалпы 200-ге тарта адам келіп, жайылған дастарханнан дәм татты.

Жиналған көпшілікті қасиетті рамазан айымен қала әкімі Ахметжан Смағұлұлы құттықтап, тілегін айтты. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған қауымға шынайы лебізін білдіріп: "Рамазан рухани-жаңару айы. Адамды тазалыққа, қоғамды рухани келісімге шақыратын рамазан айының маңызы аса жоғары. Алла Тағала айлардан-рамазанды, күндерден-жұманы, түндерден - Қадір түнін қасиетті етті. Мұсылман баласы үшін бұл айдың орны ерекше. Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай. Алла Тағала отбасымызға амандық, елімізге береке-бірлік нәсіп еткей", - деді.

Ауызашарда ҚМДБ-ның төраға орынбасары, "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы рамазан айының қадір-қасиеті туралы уағыз насихат айтты. Сонымен қатар, ауызашар кешін ақындар жырмен әрлеп, елге танымал әншілер тағылымды термелер орындады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети