Бас мүфти қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас мүфти қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас мүфти үндеуінде отандастарымызды қиын сәтте көбірек дұға жасауға шақырды. «

"Көптеген азаматтар сынақ сәтінде садақа беріп, құрбан шалып, дұға етуде. Садақамыз бен құрбандығымыз осы бір нәубетті кезеңнен аман-есен өтуге себепкер болғай. Баршаңызды көппен бірге ел игілігі үшін дұға жасап, көбірек салауат пен ифтихфар айтуға шақырамы", - деді ол.

"Құрметті қауым, асыл дінімізде қажет уақытта қажет көмекті жасау үлкен сауапты амалдардың біріне жатады. Сындарлы сәтте науқас жандарға қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп, алғыс алайық. Дәрі-дәрмектің бағасын қолдан қымбаттатуға жол бермей, жақсылық жасауға асығайық. Ал жұртымызды жұқпалы індеттен арашалап алуға бар күшін жұмсап, жан-тәнімен қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға жылы сөзімізді арнап, жігерін оятайық. Олар үшін әрдайым дұғада болайық", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.89   556.83   5.94 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети