Бас мүфти: Құрбан айттың тәрбиелік мәні зор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас мүфти: Құрбан айттың тәрбиелік мәні зор Фото: muftiyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап.

"Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам - Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді.

Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды.

"Құрбан" сөзі "жақын болу", "жақындау" деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр. Қасиетті Құранда: "Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе - жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)" ("Хаж" сүресі, 37-аят), - делінген.

Аятта айтылғандай, Құдай жолында жақсылық жасауға ниеттенген пенде бұл амалды риясыз оймен орындайды.

Материалдық мүмкіндігі бар əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс", - делінген бас мүфтидің құттықтауында.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети