Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы ұлық мереке Құрбан айт алдында әлеуметтік желі қолданушыларына өтініш айтты. Оның айтуынша, істеп жатқан игі амал мақтан үшін болмауы керек. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"Бейнетаспаға түсіріп, елге көрсеткені бір мақтан үшін болып кетеді. Сіз біреуге садақа берсеңіз де оң қолыңыз білсе, сол қолыңыз білмеуі керек", - деп ескертті бас мүфти. Сонымен қатар, телеарна тілшілері биыл айт намазының Алматы жұрты үшін таңғы 7:30-да оқылса, елордалықтар 7:45-те басталатынын еске салды. "Ал құрбандық шалу үшін бұл екі шаһардың өзінде мал соятын 29 арнайы орын дайындалған. Ол жерлерде тіпті қасапшыларға дейін тренингтер өткізіліп, малды мұсылмандық жолмен сою ережелері түсіндіріліп жатыр екен", - деп хабарлайды тілшілер. Олардың айтуынша, мүфтиат мал бағасын да кәсіпкерлермен келісіп қойыпты. Яғни, Құрбан айтта сатылатын қойдың бағасы 30 мыңнан аспауы тиіс. Айта кетерлігі құрбандыққа бір жасар қой, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, шұнақ болмауы тиіс.