Бас прокуратура 33 қазақстандықтың экстрадицияланғаны туралы хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура 33 қазақстандықтың экстрадицияланғаны туралы хабарлады © Tengrinews.kz фотоколлажы

ҚР Бас прокуратурасы жарты жыл ішінде 59 қазақстандықтың экстрадициялануы туралы сұраныс жіберді. Бұл туралы ведомство өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас прокуратурасы жарты жыл ішінде 59 қазақстандықтың экстрадициялануы туралы сұраныс жіберді. Бұл туралы ведомство өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында айтылады.

"Алты ай ішінде Қазақстанның Бас прокуратурасы шетелдік мемлекеттердің құзырлы органдарына 59 сұраныс жіберді", - делінген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің хабарламасында. 

Негізінен көп сұраныс Ресейге жолданған - 37. Қырғызстан - 8, Өзбекстан -3, Германия - 3. Сондай-ақ Бас прокуратура Грузия мен Украинаға екі сұраныстан жіберген. 

Тағы төрт қазақстандық Әзірбайжаннан, АҚШ-тан, Чехия мен БАӘ-нен эктрадициялануы мүмкін. 

Осы күнге дейін шетелдік әріптестермен байланыстың арқасында 33 сұраныс қанағаттандырылды. Ресейден - 19, Қырғызстан - 5, Грузия - 2, Өзбекстан - 2, Украина - 1, Германия - 1, Чехия - 1, Черногория - 1", - делінген Бас прокуратура хабарламасында. 

Тағы 26 сұраныс бірнеше елге жіберіледі. Бас прокуратура мәліметінше, Қазақстан БАӘ, ҚХР, Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Түркия, Литва, Иран және Испаниямен экстрадиция жайлы келісімге келген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети