Бас прокуратура 6,4 миллиард теңгені жымқыру дерегін әшкереледі

Бас прокуратура 6,4 миллиард теңгені жымқыру дерегін әшкереледі Фото: "ҚазМұнайГаз" АҚ

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары бюджеттің атқарылуын тексеру барысында прокурорлар анықтаған "Астрахан-Маңғышлақ" су құбырын қайта құру кезінде 6,4 миллиард теңге сомасына мемлекет қаражатын жымқыру дерегі жөнінде қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"КазТрансОйл" АҚ-ның еншілес компаниясы - "Магистральдық Суағызғысы" квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінген.

"Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 миллиард теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып, үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен тыйым салынған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама