26 наурыз 2018 | 17:11

Бас прокуратура БАӘ-мен Қазақстаннан ұрланған қаражатты қайтару мәселесін талқылап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Қазақстан Республикасының бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың басшылығымен қазақстандық делегация Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми іссапарда жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың басшылығымен қазақстандық делегация Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми іссапарда жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгін Қайрат Қожамжаров БАӘ Федералдық прокуроры мырза Аль-Шамсимен кездесті.

Әріптестер құқықтық ынтымақтастықты нығайту және шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.

"Жасалған құқықтық көмек туралы келісімдер шеңберінде біздің мемлекеттер арасында тиімді ынтымақтастық күшейтілді. Бүгінгі кездесуіміз қылмыскерлерді экстрадициялау және ұрланған қаражатты қайтару сұрақтары бойынша екіжақты қарым-қатынастарға жаңа импульс береді", - деп Қайрат Қожамжаров атап өтті.

Айтуынша, Қазақстанға соңғы 3 жылда БАӘ-ден іздеуде жүрген 10 адам экстрадицияланды. Сонымен қатар, талқылау барысында терроризм және экстремизм, транснационалды қылмысқа қарсы күресу саласындағы ынтымақтастық сұрақтары қаралды.

Біріккен Араб Әмірліктері осы сұрақтар бойынша Қазақстан үшін белсенді серіктес болып табылады. 2013-2017 жылдар аралығында бірлескен шаралар қабылдаудың арқасында БАӘ территориясында Қазақстан азаматтарынан тұратын бір топ ИШИМ (ИГИЛ) эмиссарлары және көмекшілері әшкереленді.

Кездесу соңында қазақстандық делегация мүшелері шетелдік әріптестеріне алғысын білдіріп, құқықтық салада өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту қажеттігін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети