Бас прокуратура БАӘ өтініші бойынша Жанболат Серіковтің ұсталғанын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура БАӘ өтініші бойынша Жанболат Серіковтің ұсталғанын растады Фото:depositphotos.com

Бас прокуратура Әзербайжанда қазақстандық Жанболат Серіковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура Әзербайжанда қазақстандық Жанболат Серіковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалаушы органның мәліметінше, Жанболат Серіковты Әзербайжан аумағында Біріккен Араб Әмірліктері органдарының сұрауы бойынша ұстаған.

"Бұл ретте Ж. Серіковке құқық қорғау органдары тарапынан қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған жоқ, сол себепті оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қазіргі уақытта қарастырылмайды", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Telegram-каналдар ұсталған адам "Finiko-ның негізін қалаушы Эдуард Сабыровқа шабуылды ұйымдастырушы" деп хабарлап жатыр. Әзірше бұл ақпарат ресми расталған немесе жоққа да шығарылған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Жаңа жыл түні Finiko компаниясының негізін қалаушының Дубайдағы вилласына қарақшылар басып кіріп, 327 мың доллар қолма-қол ақшаны ұрлап, оны және оның әйелін жарақаттаған. Эдуард Сабыров атышулы Finiko қаржылық пирамидасының негізін қалаушы ретінде де айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети