Бас прокуратура жаңаөзендік мұнайшылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура жаңаөзендік мұнайшылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Астанада ұсталған мұнайшылар мен оларға қатысты қолданылған шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Астанада ұсталған мұнайшылар мен оларға қатысты қолданылған шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кешегі жағдайға қатысты. Іс жүзінде энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" және ІІМ де жеткілікті түрде хабардар болған жоқ. Шынында да, 10 сәуірде Энергетика министрлігі ғимаратының алдында "БерӘлі Манғыстау Company" бұрынғы жұмысшылары заңсыз жиналыс өткізіп, олардың ЖШС-дағы жұмысын қалпына келтіруді немесе "ӨзенМұнайГазға" жұмысқа орналастыруды талап етті. Айта кету керек, олар мұндай акцияларды өткізу туралы хабарлама тәртібін бұзған. Мұндай пикеттер мен акциялар әкімдіктерге бес күн бұрын ескертілуі қажет. Мұндай хабарлама берілген жоқ", - деді Жандос Өмірәлиев.

Ол қазіргі уақытта ұсталғандар босатылғанын атап өтті.

"Барлығы 126 адам болды. Барлығы босатылды. Кәсіпорынның бұрынғы бес қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды - рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін ескерту", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети