26 қыркүйек 2022 | 15:58

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура интернетте тараған фейктерге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура интернетте тараған фейктерге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, отандық ақпарат кеңістігінде, әлеуметтік желілерде түрлі тақырыпта көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі жиілеп кеткен.

"Желіде блогерлердің арандатушылық, ұлтаралық араздықты тудыратын мәлімдемелері және белгілі бір азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар азаматтардың ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы жалған хабарламалары тарап жатыр", - делінген хабарламада.

Мұндай жалған әңгімелер жалған қоғамдық пікір қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық тәртіпке кері әсерін тигізеді, деп баса айтты ведомство.

"Мұндай жалған ақпаратты таратуды негізінен, блогерлер әдейі және үшінші тұлғалардың мүддесін көздеп жүзеге асырады. Олардың мақсаты - жеке басын баю және ақша бопсалау арқылы материалдық пайда алу.

Ұлтаралық араздықты қоздыруға, бопсалауға, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған бұл әрекеттер қылмыстық әрекет болып саналады. Қылмыстық кодекстің 174, 194 және 274-баптары бойынша жауап береді", - деп толықтырды Бас прокуратура.

Осыған орай, Бас прокуратура ел азаматтарын, БАҚ өкілдерін, әлеуметтік желі қолданушыларын заңды қатаң сақтауға және жоғарыда аталған құқық бұзушылықтардың ешқайсысын жасамауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети