21 мамыр 2016 | 11:13

Бас прокуратура митингке шақыру бойынша 40-қа жуық адамның ұсталуын түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Жиын барысында экс-мәжілісмен Мұхтар Шаханов рұқсат етілмеген шеруге шақырушылардың ұсталуы жөнінде мәселе көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Жиын барысында экс-мәжілісмен Мұхтар Шаханов рұқсат етілмеген шеруге шақырушылардың ұсталуы жөнінде мәселе көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір елімізде 40-қа жуық адамның ұсталуына алаңдап отырмыз. Менің ойымша, бұл адамға зорлық жасау. Біз мұнда шындықты айту үшін жиналдық. Егер бұлай жалғасатын болса, онда неге жиналып отырмыз? Сондықтан да, мұндай әрекетті тоқтату керек. Неге олар осындай қадамға барады?", - деп сұрақ қойды ол.

"Жақсы, біз бұл сұраққа қайта ораламыз. Процедуралық сұрақтарымызды аяқтайық", - деді вице-премьер Сағынтаев.

Кейін Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко Шахановтың сұрағына жауап берді. "Бәріне себеп, негіз бар. Мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеті заңбұзушылықтың алдын алуға бағытталғанын айтқым келеді", - деді Кравченко.

Сонымен қатар, ол 6 мамырға дейін ешкімге мұндай шараның қолданылмағанын айтты. "Біз олардың заң бұзудың өз ұстанымыңды көрсететін дұрыс жол емес екенін түсінетініне үміттендік. (...) Біз үшін осы мәселенің комиссияда сабырмен талқылануын қамтамасыз ету маңызды. (...) Мен мұны көбісінің түсінгенін қалаймын. Дегенмен қазірге дейін 40-қа жуық адам әкімшілік жауапқа тартылды. Әйтсе де әлеуметтік желілерде 500-600 адам рұқсат етілмеген митингті ұйымдастыруға атсалысты. Бұлар жер мәселесіне қатысты жәй ғана өз ұстанымдарын айтқан жоқ, осындай әрекетке барды", - деп мәлімдеді Кравченко.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети