03 наурыз 2023 17:45

Бас прокуратура наразылығы: Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкім өзгертілуі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/almas_abdygapparov Фото:instagram.com/almas_abdygapparov

Бас прокуратура Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша Жоғарғы Сотқа наразылық жіберді. Бұл туралы ақпарат кәсіпкердің Instagram-парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша Жоғарғы Сотқа наразылық жіберді. Бұл туралы ақпарат кәсіпкердің Instagram-парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазбада Бас прокуратура қылмыстық іс бойынша бұрын шығарылған үкімнің күшін жоюға кассациялық наразылық жібергені хабарланды. Іс Жоғарғы Соттың кассациялық сатысында қаралады деп күтіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл наразылықты қадағалау органы шынымен де жібергенін растады. Басқарма бұдан басқа мәлімет бермеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almas Abdygapparov (@almas_abdygapparov)

Еске салайық, 2021 жылғы 27 шілдеде қалалық сотта белгілі кәсіпкер, Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаровтың ұсталғаны туралы ақпарат расталды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп алу немесе ысырап ету" көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған еді. Кәсіпкер 5 жылға қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети