Бас прокуратура өкілі Бишімбаевтың соты туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура өкілі Бишімбаевтың соты туралы сұраққа жауап берді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Бас прокурордың орынбасарынан бұл істі прокуратура қадағалап отыр ма деп сұрады.

"Бишімбаевтың ісі сотқа жолданды. Айыптауды қолдайтын тиісті мемлекеттік айыптаушы болады", - деп жауап берді Шындалиев.

Журналистер Шындалиевтен Бишімбаевтың алқабилермен ашық сот отырысын өткізу туралы өтініші туралы да сұрады (бұл туралы кейбір БАҚ бұған дейін жазған болатын).

"Істi алқабилер қарауына өтiнiш беру тараптардың құқығы. Бұл істі қадағалайтын прокурор бар, олар білетін шығар, мен қарамаймын. Сотта бағасын береді", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети