Бас прокуратура рұқсат етілмеген митингілерге қатысудың жауапкершілігі барын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура рұқсат етілмеген митингілерге қатысудың жауапкершілігі барын ескертті

Еліміздің Бас прокуратурасы қазақстандықтарға рұқсат етілмеген митингілерге шақыру мен оған қатысудың жауапкершілігі бар екенін ескертті. Үндеунді бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 1 мамырда рұқсат етілмеген митингілерге қатысу жөнінде шақырулар таратылуда. Бас прокуратура ондай акцияларды өткізген жағдайда оған қатысқандардың әрекеттері бейбiт жиналыстар мен митингiлерді ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңды бұзу ретінде сараланатынын ескертеді", - делінген үндеуде. 

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының құқықбұзушыларға ден қойып, оларға тиісті шаралар қолдануға міндетті болатыны және осындай акцияларға қатысуға шақырғаны, оларды ұйымдастырғаны, қатысқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауаптылық туындайтыны айтылады.

"Егер де бұл әрекеттер елеулі зардап келтіретін болса, онда кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Бас прокуратура, еліміздің жоғарғы қадағалау органы ретінде, азаматтарды заңды мүлтіксіз сақтауға, арандатуға ермеуге және заңсыз акцияларға қатысудан тартынуға шақырады", - делінген үндеуде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети