ҚР Бас прокуратурасының өкілдері Мақсат Үсенов жасаған жол-көлік оқиғасы жөніндегі іске не себепті араласпағаны туралы түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Бас прокуратурасының өкілдері Мақсат Үсенов жасаған жол-көлік оқиғасы жөніндегі іске не себепті араласпағаны туралы түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бізге сұрақ қойып жатты: "Прокурор қайда қарап отыр? Неге ол істі тоқтатуға жол берді?" деп. Прокурор заңға, ҚР Қылмыстық кодексінің 67-бабына қарайды. Қандай прокурор болса да, оның өкілеттігін асырып, жәбірленуші тараптың ымыраласуымен тоқтатылған қылмыстық істі қайта жалғастыруға құқы жоқ", - деп түсіндірді қоғамдық серпіліс туғызған оқиға туралы Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев.
Ол жуырда Нұрсұлтан Назарбаевтың белгілі адамдардың жол апаттарына кінәлі болған балаларын заңға сай қатаң жазалау керектігі туралы айтқанын атап өтті. "Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты 67-бапқа тиісті өзгертулер әзірленді. Мен жуық арада қылмыстық істер бойынша тараптардың ымыраласу мүмкіндігін болдырмайтын бұл норма қабылданады деп ойлаймын. Бұл әділетті деп есептеймін", - деді Исаев.
2013 жылдың 1 желтоқсанында Мақсат Үсенов өзінің BMW X6 көлігімен алты адамды - екі жігіт пен төрт қызды қағып кеткен болатын. "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы қызметкерінің ұлы оқиға орнынан қашып кетті. Оның әрекетінен 23 жастағы Мұрат Қарабалин қайтыс болды. Бұл оқиға жұртшылықтың наразылығын туғызды. Дегенмен Үсеновке қатысты қылмыстық іс тараптардың ымыраласуы себепті тоқтатылды.
Подробнее:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/svoe-nevmeshatelstvo-delo--dtp-uchastiem-maksata-usenova-obyyasnili-252634/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz