Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша Бас көлік прокуратурасы Ресей-Моңғолия шекарасы арқылы Қазақстанға әкелінген автокөліктерді тәркілеу және уақытша тұрақтарға қою бойынша мемлекеттік кірістер мен ішкі істер органдары әрекеттерінің заңдылығына талдау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша Бас көлік прокуратурасы Ресей-Моңғолия шекарасы арқылы Қазақстанға әкелінген автокөліктерді тәркілеу және уақытша тұрақтарға қою бойынша мемлекеттік кірістер мен ішкі істер органдары әрекеттерінің заңдылығына талдау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нәтижесінде көлік құралдары Қазақстанныңаумағына 2014-2015 жылдары әкелінгені және Ресейдің кеден органдарында жеке пайдалану үшін ресімделгені анықталған. Алайда белгіленген мерзім өткеннен кейін автомобильдер кеден аумағынан шығарылмаған. Сол себепті Ресей тарапы Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитетіне олардың нақты орналасқан жерін тексеру өтінішімен жүгінген.
"Тексеру барысында көліктер ішкі істер органдарында жалған кеден декларациясы бойынша тіркелгені және көбісі бірнеше рет қайта сатылғаны белгілі болды. Жалпы ондай 850 автокөлік анықталды. Мемлекеттік кірістер және Әкімшілік полиция комитеттері олардың қазіргі иелерінен кеден салығын өндіріп алу үшін көлік құралдарын ұстауға кірісті. Тексеру барысында уақытша сақтау қоймаларына 32 автомобиль жеткізілгені белгілі болды", - делінген ведомство хабарламасында.
Mercedes G550. Фото:zarulim.com.ua
Jaguar XJ. Фото: zarulim.com.ua
"Бас көлік прокуратурасы, жоғарыда аталған органдардың әрекеті асығыс және көлік құралдары иелерінің құқықы бұзылды деген тұжырымға келіп, Мемлекеттік кірістер комитетінің заңсыз ісіне наразылық енгізді. Нәтижесінде тәркіленген көліктер қазіргі иелеріне қайтарылды", - дейді Бас көлік прокуратурасының өкілдері.
Одан басқа, биылғы 19 шілдеде Бас прокуратура көлік құралдарын ішкі істер органдарында тіркеу барысында лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану бойынша Қылмыстық кодекстің 361-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен жүргізіліп жатыр.