Бас прокурор экстремистердің жастарды өз қатарына қалай тартатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурор экстремистердің жастарды өз қатарына қалай тартатынын айтты Сурет ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметінен

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов Ақтөбе облысының жастарын жаман әдеттерден сақ болып, қауіпті идеологиялардың қармағына ілініп кетпеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов Ақтөбе облысының жастарын жаман әдеттерден сақ болып, қауіпті идеологиялардың қармағына ілініп кетпеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Экстремистер әлсіз, санасы қатпаған еліктегіш жастарды қатарына тартады. Ақша беру арқылы сенімге кірген жайттар да аз емес. Ары қарайғы оқиға қалай өрбитіні белгілі. Сананы улап, қолға қару береді де қылмысқа итермелейді. Өздері терактіні сырттан бақылап отырады, сөзге сенгіш жастарды өлімге итеріп, оларды нысанаға айналдырады", - дейді аймақ оқушыларымен кездесу барысында Жақып Асанов. 

Ол ақтөбелік жастарды экстремизм мен терроризм жақтастарынан аулақ болуға шақырды. 

"Болашақта бұл мәселе шешімін табады. Бұл зұлымдыққа бүкіл әлем қарсы тұрып, көзі жойылады. Бірақ оған дейін көптеген адам терроризм құрбаны болар. Әркім де қателеседі. Жастар максимализмге жақын келеді", - деп ойын білдірді прокурор.

"Сондықтан да біз осындамыз, оның алдын алуға, себебін түсіндіруге, жастарға дұрыс бағыт беру үшін. (...) Сіздер әлі жассыздар. Бірнеше жылдан кейін ересек өмірлеріңіз басталады. Болашақтарыңызды бүгіннен бастап ойлап, жамандық атаулыдан алыс жүріңіздер", - деп атап өтті Жақып Асанов.

Айта кетейік, Жақып Асанов Елбасының тапсырумен Ақтөбеге барды. Бас прокурормен бірге аймаққа екі жүзден астам барлық орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың мамандары келді. Олар Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жолдарын қарастырмақ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети