Бас прокурор қаңтар оқиғасы туралы: Түпкі мақсат билікті күшпен басып алу болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурор қаңтар оқиғасы туралы: Түпкі мақсат билікті күшпен басып алу болды

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда қаңтардағы оқиғалар толқын сипатында дамығанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда қаңтардағы оқиғалар толқын сипатында дамығанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы толқын тәрізді болған.

"Бірінші толқын - бейбіт митингілер. Олармен полицияның ешқандай қақтығысы болған жоқ. Керісінше, билік бейбіт митингілер өткізуге мүмкіндік берді. Алайда содан кейін наразылық білдірушілер қатарына түрлі экстремистер қосылды, олар наразылықты радикал бағытқа бұрды. Олардың қозуына байланысты алғашқы қақтығыстар басталды. Бұл - екінші толқын. Үшінші толқынға қылмыстық топтар қосылды. Бұзақылық, өртеу басталды", - деді Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, түрлі нысандарға шабуыл жасаған қарулы радикалдар хаосты пайдаланған.

"Яғни, біз экстремизм, қылмыс және діни радикализмнің ұштасқанын көрдік. Егер мемлекеттің шешуші әрекеттері болмаса, басқалар да осы толқынға қосылуы мүмкін еді. Түпкі мақсат билікті күшпен басып алу болды. Барлық әрекет келісілген сипатта болды. Жоспарланған акция бар", - деді бас прокурор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети