Бас прокурор: Қазақстанның жүздеген ауылы ішімдік сатудан өз еркімен бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурор: Қазақстанның жүздеген ауылы ішімдік сатудан өз еркімен бас тартты Фото:depositphotos.com

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берік Асыловтың айтуынша, бұл - қарапайым халықтың саналы таңдауы, тәртіп, денсаулық және балаларының болашағы үшін жасалған шешім.

"Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы бір ауылда тұрғындар ішімдікті сатудан өз еркімен бас тартып, бұл туралы бейнероликті әлеуметтік желілерде жариялады. Осындай мысалдар Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Атырау және басқа да облыстарда кездеседі. Иә, елдегі барлық ауыл санын ескерсек, теңізге тамған тамшыдай көрінуі мүмкін. Бірақ бастысы оң серпін бар. Мұндай елді мекендер саны артып келеді", - деді ол.

Бас прокурор халық сенім мен тұрақтылықты, тыныштықты жоғары бағалап, бір-біріне үлгі бола бастағанын айтты.

"Бастама ауыл ақсақалдары мен қоғамдық кеңестерден шығып, прокуратура, полиция және жергілікті әкімдіктердің тарапынан үйлестіру, алдын алу және қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

Ауыл кәсіпкерлері ерекше алғысқа лайық. Жерлестерінің үнін естіп, дүкен сөрелерінен ішімдікті өз еркімен алып тастады. Күмәнданғанмен, табыстары азайған жоқ. Керісінше ауыл тұрғындары ішімдіктің орнына балаларға пайдалы азық-түліктерді жиі сатып ала бастады", - деді ол.

Берік Асылов нәтиже мынадай екенін жеткізді:

  • кейбір ауылдарда қылмыс мүлде жойылған;
  • тұрмыстық жанжалдар тоқтаған;
  • жастар спорт пен саналы өмір салтын таңдай бастаған.

Айта кетейік, ресми статистика бойынша биылғы жылдың алғашқы үш айында алкогольге мас күйде жасалған қылмыс саны азайған.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысындағы 60-тан аса ауылда ішімдік сатылмайтыны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети