31 мамыр 2017 | 12:47

Бас прокурор Мақсат Үсенов пен Василий Нидің істерін салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Василий Ни Василий Ни

Бас прокурор Жақып Асанов соттың "Қорғас" ШЫХО экс-президенті Василий Нидің ісіне қатысты шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурор Жақып Асанов соттың "Қорғас" ШЫХО экс-президенті Василий Нидің ісіне қатысты шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы іске қатысты шудың көп болуы жақсы болды деуге болады. Сіздерді дұрыс естідіңіздер - өте жақсы болды. Бұл дегеніміз біздің қоғамымыз жетіле бастады деген сөз. Немқұрайлы қарау, іске араласпау деген дүниелер қалды, белсенділік байқалады. Бір жағынан, біз, мемлекеттік органдар мен  соттар, сіздерге ашылып жатырмыз. Бірнеше жыл бұрын мұндайды елестету мүмкін емес еді. Себебі барлығы жабық тәртіпте өтіп жатты. Ал бүгін барлығы ашық", - деді Жақып Асанов Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, журналистер бас прокурордың осы атышулы іс туралы не ойлайтынын сұрады. 

"Ешбір елде ешқашан мінсіз заңдардың болмайтынын ескеру қажет. Осыдан 2-3 жыл бұрын бір жігіт сұмдық жол апатын жасаған болатын. Салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті, туыстары оны кешірді. Қылмыстық іс тоқтатылды. Неліктен тоқтатылды? Себебі ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабы осы қылмысты тоқтатуды міндеттеді. Бірақ қоғам бұл шешіммен келіскен жоқ. Олар ашуланды. Нәтижесінде Парламент осы 68-бапты өзгертті. Жол апатын жасаған жігіт қазір дәл сол әрекетін қайталаса, міндетте түрде түрмеге қамалады", - деді бас прокурор.

"Қорғас" ШЫХО экс-президенті Василий Нидің ісі жайлы айта келе Жақып Асанов ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабына тоқталып өтті.

"Болған жағдайды ескере отырсақ, 65-бап сотқа осындай шешім қабылдауға құқық береді. Иә, сот оны кінәлі деп таныды. Бұл соттың құқығы, ешкім сот заңды бұзды деп айта алмайды. Судья осы істі қарай отырып, барлық тарапты тыңдап осындай шешімге келіп, 65-бапқа тоқтады. Олар айыпты деп танылып, кем дегенде бір жыл тергеу изоляторында болды. Айыптау үкімі бар, бірақ олар жазадан құтылып кетті", - деді бас прокурор.

"Енді сіздерге менің жеке пікірім қызық болып тұр ма?", - деп сұрады Жақып Асанов журналистерден.

"Мұны мен шешпеймін. Мұны Парламент шешеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабын өзгертуіміз керек. Осы қылмысқа 65-бап мүлде қолданылмауы керек, менің жеке пікірім осындай. (...) Бірақ сот заңды бұзды деп айтуға да болмайды. Наразылық тек бір жағдайда қабылданады, яғни маңызды заңбұзушылықтар болған жағдайда. ҚР Қылмыстық немесе Қылмыстық-процестік кодексіндегі заңбұзушылықтар болғанда. Айқын әрі нақты заңбұзушылық жоқ - бұл соттың құқығы", - деді Жақып Асанов.

Осыған дейін Бас прокуратура "Қорғас" ШЫХО экс-президентінің қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына қатысты пікір білдірген болатын.

Еске салайық, миллион доллар пара алған жерінен ұсталған "Қорғас" ШЫХО бұрынғы президенті Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны хабарланған еді. Бұл туралы Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Бақытжан Қармановтың ресми сауалға берген жауабында айтылады. Сондай-ақ, инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваның да қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны белгілі болды.

"Прокурордың өтініші бойынша және сотталушылардың осыған дейін сотты болмауына, жұмыс орны мен тұрғылықты жерінен жағымды пікірлер болғандықтан және сотталушы Сайдуллаева Махабаттың асырап алған кішкентай баласы болуына байланысты сот ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабының 1-бөлігі негізінде ("Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату") жауапкершіліктен босатты", - деген еді соттағылар ресми сауалға берген жауаптарында.

5 қыркүйекте "Қорғас" ШЫХО президенті миллион доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Ол осы пара үшін инвестициялық тендердің нәтижелерін шешіп беру үшін алған делінген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети