30 маусым 2016 | 15:21

Бас прокурор Мақсат Үсеновтің "феномені" жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурор Жақып Асанов Мақсат Үсеновтің атышулы ісі бойынша барлық мән-жайдың қазақстандықтарға жеткіліксіз түрде түсіндірілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурор Жақып Асанов Мақсат Үсеновтің атышулы ісі бойынша барлық мән-жайдың қазақстандықтарға жеткіліксіз түрде түсіндірілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратурада мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа әдіс-тәсілдеріне арналған дөңгелек үстел болып өтті. Бас прокурор Жақып Асанов дұрыс түсіндіру туралы айта отырып, Үсеновтің жағдайын мысалға келтірді.

"Халыққа түсіндіре алмады, сондықтан әлеуметтік желілерде осылай болып отыр. Қарапайым түсіндіру керек еді - Үсенов төрт құқықбұзушылық жасады: бірі қылмыстық және үшеуі әкімшілік. Ал халықтың бәрі осы үш құқықбұзушылықтың арасында шатасты да қалды. Одан да ҚК бойынша айыпты мен жәбірленуші татуласса, прокурор да, сот та мұны тоқтата алмайды деп түсіндіру керек еді. Мұнда ешқандай да жемқорлық жоқ. Ал үш құқықбұзушылыққа келсек, осы үш құқықбұзушылық бойынша ол ең ауыр жазаны алды. Сондықтан халықты да бір жағынан түсінемін, жағдайдың жалпы түсіндірмесін ешкім келтірмеді", - деп атап өтті Асанов.

"Екінші жағдай - Үсеновтің феномені неде? Үсеновтің жағдайынан кейін Парламенттегілер ойланып, заң қабылдады. Егер қылмыс кісі өліміне әкеп соқса, онда ешқандай да татуласу болмайды. Содан бері осындай қылмыстық құқықбұзушылық, қылмыс болса татуласу деген жоқ", - деді Бас прокурор.

Еске салайық, 2013 жылдың соңында Мақсат Үсенов BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кеткен еді. Олардың бірі қайтыс болды. Бес адам жарақат алды. Бұл дерек бойынша іс сотқа жетпеді. Тараптардың ымыраласуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Жол апатына кінәлі Үсенов 45 тәулікке қамалып, 2017 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Кейін бұл құқықтан тағы бір жылға айырылды. Шығынның өндірілуіне байланысты жәбірленуші тарап кінә қоюдан бас тартты.

Ал 2014 жылы 15 қарашада Мақсат Үсенов Алматыда тағы да жол-көлік оқиғасына жол берген еді. Ол Mercedes көлігімен RAV4 автокөлігіне соғылды. Джипте отырған әйел миы шайқалып, ауруханаға түсті. Ол сол күні ауруханадан шығарылды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети