Бас прокурор шетел асып кеткен қазақстандық балалардың тағдырына алаңдаулы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурор шетел асып кеткен қазақстандық балалардың тағдырына алаңдаулы Фото from-ua.com сайтынан

Бас прокурор шетел асып кеткен қазақстандық балалардың ағзалары саудаға түсетініне алаңдайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгінде осы санаттағы жетім балаларды Қазақстанның дипломатиялық миссиялары (елшіліктер) бақылап отыруы тиіс. Алайда кейбір елдерде дипмиссиялар ашылмай тұрып, қазақстандық жетімдер шетел асып жатады. Міне, сол себепті Ирландия, Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина, Финляндия және Гватемалаға кеткен 120 баланы бақылау мүмкін болмай отыр. Осы орайда асырауға алынған балаларды сексуалдық мақсатта және "қара" трансплантология үшін қолдану туралы ақпараттар үлкен алаңдаушылық туғызады. "Бұл жерде Оңтүстік Африка республикасы, Кения, я болмаса, Филиппин туралы қалай айтуға болады? Филиппинде адам саудасы қызып тұр ғой!", - деп атап көрсетті бас прокуратураның бүгінгі алқа мәжілісінде мекеме басшысы Асхат Дауылбаев. Ол жергілікті жерде жетім балаларды асырап алуды жіті бақылауды ұстау қажеттігін тағы бір мәрте ескертті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети