1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Бас прокурор шетел асып кеткен қазақстандық балалардың тағдырына алаңдаулы 21 ақпан 2014, 17:59

Бүгінде шетел асып кеткен жетім балаларға бақылау жүргізілмейді. Олардың ағзаларын саудалауы әбден мүмкін.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото from-ua.com сайтынан Фото from-ua.com сайтынан
Бас прокурор шетел асып кеткен қазақстандық балалардың ағзалары саудаға түсетініне алаңдайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгінде осы санаттағы жетім балаларды Қазақстанның дипломатиялық миссиялары (елшіліктер) бақылап отыруы тиіс. Алайда кейбір елдерде дипмиссиялар ашылмай тұрып, қазақстандық жетімдер шетел асып жатады. Міне, сол себепті Ирландия, Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина, Финляндия және Гватемалаға кеткен 120 баланы бақылау мүмкін болмай отыр. Осы орайда асырауға алынған балаларды сексуалдық мақсатта және "қара" трансплантология үшін қолдану туралы ақпараттар үлкен алаңдаушылық туғызады. "Бұл жерде Оңтүстік Африка республикасы, Кения, я болмаса, Филиппин туралы қалай айтуға болады? Филиппинде адам саудасы қызып тұр ғой!", - деп атап көрсетті бас прокуратураның бүгінгі алқа мәжілісінде мекеме басшысы Асхат Дауылбаев. Ол жергілікті жерде жетім балаларды асырап алуды жіті бақылауды ұстау қажеттігін тағы бір мәрте ескертті.


Join Telegram