27 наурыз 2017 18:57

Бас прокурор тұрғындары ұрлық жасамайтын өңір құруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов елде тұрғындары ұрлық жасамайтын өңір құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов елде тұрғындары ұрлық жасамайтын өңір құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттің тапсырмасы, біздің міндет - ешкім ештеңе ұрлай алмайтын жағдай жасау. Жасасақ, өңір ашып көрейік, әкімі бар, белсенді аудан, облыс, ешкім ештеңе жымқырмайтын аймақ ашып, сынақ жобасын жүзеге асырып көрейік. Осы тәжірибемен басқа өңірлерді үйретеміз. Сол облысқа барып, бір ай тұрып, күресті бастаймыз", - деді Асанов заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес бойынша Координациялық кеңестің отырысында.

Бас прокурор құқық қорғау органдарының ұрлықты жойып, қоғамды сауықтыруға қол жеткізетінін айтты. 

"Осындай жолмен, бір меморган ғана шара қолданбай. Жоқ. Тіпті басқа етістіктерді қолданамыз. Барайық, бірге, мүдделі меморгандар, сендіріп, қызықтырып, бірге жұмыс істеуіміз керек. (...) Өз аяғымызбен жүріп көрмей, халықпен кездеспей, сөйлеспей болмайды. Халықпен бізбен сауатты әрекеттестік етуге үйрету керек. Сауатты жұмыс істей бастаса, бізді барлық жақта басшыларымызды, прокурорларды қызметтен алып тастай бастайды. Біз болсақ халықтың сауатты болғанын қаламай отырмыз ғой сонда. Сауатты болған сайын өзімізге қиын болады деп ойлайтын сияқтымыз. Бұл дұрыс емес", - деді бас прокурор. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети