20 мамыр 2016 | 11:14

Бас прокурор заңсыз митинг өткізудің жауапкершілігі жөнінде тағы да ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ortcom.kz © Ortcom.kz

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов заңсыз митинг өткізудің жауапкершілігі жөнінде тағы бір ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы барысында мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов заңсыз митинг өткізудің жауапкершілігі жөнінде тағы бір ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы барысында мәлімдеді.

Сөз басында Жақып Асанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жер реформасы жөніндегі комиссияның құрылғанын, оған азаматтық қоғам институттарының басшылары мен белсенділері мүше болғанын айта кетті. Ал басқа аймақтардағы азаматтар комиссия жұмысына қоғамдық кеңес арқылы атсалыса алады. "Комиссияда талқыланған жұмыстар ашық өткізілу үстінде, ақпараттар БАҚ-тарда жарияланып жатыр. Арнайы ашылған jertyraly.kz сайтында қазақстандықтар өз ұсыныстарын қалдырып, сұрақ жолдай алады. Осылайша, жер мәселесіне қатысты қоғамдық, топтық, жеке пікірді білдіруге барлық жағдай жасалды. Дегенмен кейбір адамдар заңды елеместен, халықты заңсыз митинг өткізуге үгіттеп жүр", - деді Асанов.

"Митингті ұйымдастыру және өткізу тәртібі бақыланбайды. Қазір әлеуметтік және ұлтаралық алауыздық туғызу мақсатында жалған ақпараттар таратылып жатыр. Мұндай әрекет Қазақстан Республикасы заңына қайшы. Осыған байланысты қазақстандықтарды мұндай алауыздықтарға берілмей, тұрақтылықты, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында азаматтық ұстанымдарыңызды көрсетуге шақырамын", - деді бас прокурор.

Ол рұқсат етілмеген митингке қатысушылардың жауапқа тартылатынын айтты. "Прокуратура туралы" заңның 25-бабының 2-бөлігін негізге ала отырып, заңсыз митинг ұйымдастырып, азаматтарды оған қатысуға шақыру, сонымен қатар, оған қатысу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертемін. Құқық қорғау органдары кез келген заңбұзушылықтың алдын алуға және заң аясында қарастырылған шараларды қабылдауға міндетті", - деді Асанов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети