12 шілде 2017 18:41

Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бас прокурордың бірінші орынбасары болып Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бас прокурордың бірінші орынбасары болып Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы тағайындалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы еңбек өтілін Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған.

Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған.

1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар Департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департамент бастығы,  Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды.

2016 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментіне басшылық жасады.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры және II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети