Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко 21 мамырда ұсталғандардың үстінен қылмыстық істің қозғалмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко 21 мамырда ұсталғандардың үстінен қылмыстық істің қозғалмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен қазір 21 мамырдағы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын айтқым келеді. 51 адам әкімшілік жауапқа тартылды, төрт адам ғана қамауға алынды. Адамдардың полицейлерге жұдырық ала жөнелгендерін кадрдан өзім көрдім. Осыдан кейін ешқандай әрекет болмайды деп ойлайсыздар ма? Әрине болады. 12 адамға айыппұл салынды, сот арқылы 21 адамға ескерту жасалды. Басқа ешқандай адам ұсталған жоқ", - деді Андрей Кравченко комиссия отырысы барысында.
Бас прокурордың орынбасары 21 мамырдағы жағдайдан кейін ведомствоға сегіз шағымның түскенін айтты. "Оларды қарастырып жатырмыз. Айтпақшы, бұл адамдар әкімшілік жауапқа тартылған жоқ, бостандықта жүр. Дегенмен сегіз адамнан шағым түсті. Біз сіздерге уәде береміз, бұл шағымдарды мұқият қараймыз. Полицейлер тарапынан азаматтардың құқығын бұзатын әрекет болмағанына кепіл бола алмаймын. Видеолар бар, куәгерлердің түсінігі бар, барлығын тексереміз", - деді Андрей Кравченко.
"(...) ІІД, ІІМ күшейтілген жұмыс режиміне көшетіндерін айтты. Бұл да ескерту болды. Әрқайсысына жеке ескерту жасап, түсіндірілді. Біз мұны біреуді алып кету үшін істеген жоқпыз, адамдардың мұндай әрекетке барған жағдайда полицейлердің жағымсыз қылықтарға баратынын түсіну үшін айттық. Дегенмен адамдар жиналды. Олардың не себепті келіп жатқандарын өздері түсінсе жақсы болар еді, дегенмен бұлай болған жоқ", - деді Бас прокурордың орынбасары болған жағдайға пікір білдіре отырып.
Айта кетейік, Астанада жер реформасы үш сенбі қатарынан талқыланды. Алдыңғы отырыста төрт жұмыс тобы құрылып, олардың жетекшілері тағайындалса, бүгін сол жұмыс топтарының жетекшілері бір апта бойы өткізілген шағын жиындарда түскен ұсыныстарды ортаға салды.