ПОДЕЛИТЬСЯ
04 шілде 2020 | 13:29
Бас санитар дәрігер отбасылық іс-шараларға неге тыйым салынғанын түсіндірді
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова күшейтілген карантин кезінде отбасылық іс-шараларға неге тыйым салынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова күшейтілген карантин кезінде отбасылық іс-шараларға неге тыйым салынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Егер біз отбасылық іс-шаралар туралы айтатын болсақ, онда біз қонақтар, көршілеріміз, жақын туыстарды шақыратын іс-шаралар туралы айтамыз. Яғни сізбен бірге өмір сүрмейтін адамдардың барлығын", - деді Есмагамбетова ОКҚ-да өткен брифингте.
Қазақстандағы қатаң карантин. Бас санитар дәрігердің қаулысы жарияланды
Сондай-ақ, ол жеке жаттығуға неге рұқсат берілгенін айтты.
"Бұл бір адамның ашық ауада спортпен айналысуы. Оған үш адамнан көп қатысса, ол ұжым жаттығуға айналады", - деді ол.
Еске салайық, 5 шілдеден бастап Қазақстанда ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также