Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Бас санитар дәрігер отбасылық іс-шараларға неге тыйым салынғанын түсіндірді 04 шілде 2020, 13:29

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова күшейтілген карантин кезінде отбасылық іс-шараларға неге тыйым салынғанын түсіндірді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова күшейтілген карантин кезінде отбасылық іс-шараларға неге тыйым салынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер біз отбасылық іс-шаралар туралы айтатын болсақ, онда біз қонақтар, көршілеріміз, жақын туыстарды шақыратын іс-шаралар туралы айтамыз. Яғни сізбен бірге өмір сүрмейтін адамдардың барлығын", - деді Есмагамбетова ОКҚ-да өткен брифингте.

Қазақстандағы қатаң карантин. Бас санитар дәрігердің қаулысы жарияланды

Сондай-ақ, ол жеке жаттығуға неге рұқсат берілгенін айтты. 

"Бұл бір адамның ашық ауада спортпен айналысуы. Оған үш адамнан көп қатысса, ол ұжым жаттығуға айналады", - деді ол. 

Еске салайық, 5 шілдеден бастап Қазақстанда ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram