08 маусым 2020 19:13

Бас санитар дәрігер вакцинацияға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: dw.com Фото: dw.com

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова балаларды вакцинациялауға қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова балаларды вакцинациялауға қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әлемде вакцинация міндетті және өз еркімен жасалатын деп екіге бөлінеді.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексте вакцинацияға анықтама бердік. Яғни жасалуы міндетті вакцинация. Оған мемлекет кепілдік береді. Ал өз еркімен жасалатын вакцинацияны кез келген адам жасата алады. Кодекстің 85 бабы бойынша профилактикалық екпені азаматтар ала алады. Ол міндетті тізімге кіреді", - дейді ол денсаулық сақтау министрлігінде өткен брифингте.

Айжан Есмағамбетова міндетті вакцинация тұрғындарға күштеп салынбайтынын атап өтті.

"Егер сіз қаламасаңыз, ешкім сізді мәжбүрлей алмайды. Медицина қызметкерлері үшін вакцинация алу міндетті. Себебі, біз барлығына вакцинация алуға ұсыныс жасауымыз керек. Вакцинациямен қамтамасыз ету - мемлекет пен медицина қызметкерлерінің міндеті", - деді бас санитар дәрігер

Ол балаларға вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен ғана жасалатынын жеткізді.

"Қандай себептермен вакцинациядан бас тартанына қатысты форманы толтыру керек. Біз үшін бұл ақпарат маңызды. Біз бас тарту себебіне талдау жүргіземіз, - дейді Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар, еліміздің бас санитар дәрігері балалары мен немерелері вакцина алғанын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети