23 маусым 2022 | 13:16

"Басқа елдерден сұрап жатырмыз" - министр Сұлтанов қант туралы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан басқа елдерден қосымша қант сұрап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан басқа елдерден қосымша қант сұрап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір 350 мың тонна бар. Біз басқа елдерден қант сұрап жатырмыз. Әлемде Бразилия, Үндістан және Вьетнам ірі жеткізушілердің бірі болып саналады. Бірақ Үндістан шектеу қойды, сондықтан келіссөздер жүргіземіз. Бүгінде қабылданған 350 мың тоннадан бөлек тағы 100 мың тонна сұрадық", - деді Сауда министрлігінің басшысы Үкімет кулуарында.

Сұлтанов қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі келіссөздер, есептеулер, индикативтік баланстарды ұштастыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты, сондай-ақ 15 шілдеде Беларусьте ЕЭК кеңесінің келесі отырысы өтетінін, онда қант жеткізу мәселесі қосымша талқыланатынын еске салды.

27 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда қант тапшылығы жоқ деп мәлімдеген болатын.

Алайда Оралда дүкен сөрелерінде қант жоқ деген ақпарат хабарланды. Ал бар жерлерде келісіне 600 теңгеге дейін қымбаттап кетті. Сатушылардың сөзінше, жеткізушілер күн сайын әкелуге уәде береді, мүмкін құмшекер бағасы да өседі.

Кейін министр Сұлтанов "қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына тыйым салуына байланысты" деді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети