Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов халық санағы басқа адамдар үшін жүргізіліп жатыр деген шағым түспегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов халық санағы басқа адамдар үшін жүргізіліп жатыр деген шағым түспегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бюро тарапынан мұндай талаптар не шарттар қойылған жоқ. Осындай деректер болса, бізге хабарлассын, қоңырау шалсын. Мұндай хабар келмеді, бұл сипаттағы деректерді тіркеген жоқпыз. Сондықтан пікір білдіру қиын. Бірақ базаға ақпарат түссе, бәрі сүзгіден өтеді. Яғни, бір адам бірнеше адамның орнына немесе 10-20 адамның орнына өту - іс жүзінде өте қиын. Ал 500 деген санды елестету мүмкін емес", - деп түсіндірді Айдапкелов.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде скриншот тараған. Онда бір ұйымның қызметкерлері басқалар үшін Ұлттық статистика бюросы сайтында онлайн санақтан өтуге мәжбүр болғанын көрсетеді. Бұл ретте оларға ЖСН, жеке басын куәландыратын нөмір, мекенжай және басқа да жеке деректер бар файлдар келіп отырғаны айтылады.
Ақпарат Qumash Telegram-арнасында пайда болды.
"Квазигосектордан жасырын біреу басқалардың орнына санақтан өтеуге мәжбүрлейтінін хабарлады. Оларға ЖСН, куәлік нөмірлері, мекен-жайлары, басқа да жеке деректері бар файлдар беріледі. Әр қызметкер үшін 400 қазақстандықтан келеді", - деді арна авторлары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!